Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Өз қызметкерлері үшін жарна аударатын жұмыс берушілер үшін МӘМС бойынша берешек пайда болған жағдайда төлем күнін қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін берешек сомасының 1,25% мөлшерінде өсімпұл көзделген. Егер жұмыс беруші қызметкерге төлем жасамаса немесе оны уақтылы жасамаса, қызметкер МӘМС пакетінде медициналық көмек ала алмайды, оның мәртебесі «сақтандырылмаған» болып өзгереді.

МӘМС үшін аударымдар зейнетақы, әлеуметтік аударымдарды төлеу сияқты міндетті болып табылатынын атап өткен жөн. Бірақ жұмыскерлерге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, БЖТ төлеушілерге қандай да бір айыппұл санкциялары жоқ. Төлемдер тұрақты болмаған жағдайда азаматқа сақтандырылушы мәртебесі берілмейді.

Жұмыссыздар мемлекет аударымдар жасайтын азаматтардың жеңілдікті санатына жатады. Жұмыссыз мәртебесін растау үшін жұмыспен қамту орталығына хабарласып, есепке тұру қажет. Егер адам жұмыссыз бола тұра, жұмыспен қамту орталығына жүгінгісі келмесе, онда дербес төлеуші ретінде ай сайын 2125 теңге мөлшерінде жарна төлеу ұсынылады