Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын көтеріп, әр азаматтың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру мақсатында үстіміздегі жылдың 11 шілдесінен бастап челлендж – ««Be healthy – Будь здоров - Денсаулық кепілі» деген ұранмен Салауатты әдет марафонын» өткізбек.

Науқан Астана қаласының «Жерұйық» саябағында сағат 17.00-де жергілікті атқарушы билік, медицина саласы өкілдері мен танымал тұлғалардың қатысуымен басталады.

Челлендж (шақыру) үш негізгі әрекетпен жүзеге асады:
  • 10 күн бойы дастарханнан тұзды асты алып тастау;
  • «Су ішіңіз – денсаулығыңыз жақсарсын!» - 10 күн бойы тәулігіне 2 литр таза су ішу, күнде таңертең асқорыту жолдарының жұмысын жақсарту үшін 1-2 стақан суды аздан ішу керек;
  • 10 күн бойы 10 000 қадам жасау.

Құрметті қазақстандықтар! Салауатты өмір салты, үнемі қозғалыста болу, дене шынықтыру мен спорт – денсаулық кепілі. «Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда!»