Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
             
  Меңгерушісі №1 нейрохирургиялық бөлімше
Аглаков Бахыт Мейрамханович

Контактные номера:

Call-центр ГКБ №7 г.Алматы:
8 (727) 341-06-66

 

  №1 Нейрохирургиялық бөлімше Қазақстан Республикасындағы бейінді арқалық бөлімше (науқастарда омыртқа бағанасы және жұлын зақымдануы ауруларын емдеу), жыл сайын бөлімшеде 1000 астам адам емделуден өтеді. Бөлімшеге жоғары мамандандырылған және арнайы медициналық көмек аясында Қазақстанның барлық өңірінен келген науқастар госпитализацияланады. Бөлімшенің оперативтік белсенділігі 100% жуықтады, бір жыл ішінде 1000 жуық операциялар жасалады, соның ішінде малоинвазивтік операция түрлері: лазерлік нуклеотомия, тері арқылы вертебропластика.Омыртқааралық диск жарығы және протрузиясына лазерлік емдеу әдісі Қазақстан Республикасында тек Астана қ. РНХҒО және №1 нейрохирургиялық бөлімшеде ғана қолданылады. Қазақстан Республикасында патологиялық сынық кезінде (остеопороз,метазтазалар, омыртқа ісігі) омыртқа вертебропластика әдісі тұңғыш рет №1НХБ енгізілді.

Бүгінде бөлімше омыртқа бөлігі бел-сегізкөз, дегенеративтік-дистрофиялық зақымдануларды хирургиялық емдеу және диагностикалаудың, ең заманауи тиімді әдістерін меңгерген. Омыртқа және жұлын патологиясын диагностикалау үшін ауруханадағы магнит-резонансты томография (МРТ), кейбір жағдайларда сподилограммалар, функциональные спондилограммалар, миелография, компьютерлі томография (КТ) кеңінен қолданылады.

Негізгі операциялардың бірі болып омыртқааралық диск жарығында қолданылатын интраламинарлық дискэктомия саналады. Бөлімшеде бұндай операциялар жылына 350 ден 400 жуық жасалады. Бұл операция малоинвазивтік операциялар санатына жатады, микроскоп және микрохирургиялық құралдармен және қажет болған жағдайда эндоскопиялық бақылаумен жасалады, бұл жақсы нәтижелерге қол жеткізуге және операциядан кейінгі оңалту уақытын айтарлықтай жеңілдетеді. Біздің тәжірибе бұндай операциялар түрлерінің 7000 астам құрайды және 98% жағдайда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізеді. Осы деңгейде тұрақсыздықты болдырмау үшін алдыңғы-қырын тұрақтандыру үшін пластиналар және NI-TI денеаралық имплантанттар, заманауи тұрақтандыру транспедикулярлы конструкциялар жиынтығын қосқанда барлығы бар,

Арқа бөлігіне омыртқа және жұлын ісігін экстрамедуллярлы емдеу тактикасы қалыптасқан. „ Құм сағаты„ типтес ісіктер және омыртқа каналынының экстрамедуллярлы ісігіне 265 науқасқа операция жасалды.

Ісікті біржолата алып тастау үшін омыртқа каналына түрлі жолмен бару - классикалық артқы жақтан бару әдісі (ламинэктомиямен), артқы-қыры және қыр арқылы жету (жұлыннан ісіктің алдыңғы жақта орналасуы кезінде) әдістері қолданылады.