Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

№7 Қалалық клиникалық ауруханада 2016 жылғы желтоқсан айында орнатылған, интраоперациялық компьютерлік томография жасау үшін инновациялық жабдықты қолдану бойынша соңғы...

№7 Қалалық клиникалық ауруханада 2016 жылғы желтоқсан айында орнатылған, интраоперациялық компьютерлік томография жасау үшін инновациялық жабдықты қолдану бойынша соңғы тренинг өтті. Тренингті BrainLab компаниясының маманы – Мартин Кербер өткізді.Компьютерлік томография Германия және АҚШ елдерінің бірлесіп шығарған өнімі. Жаңа жабдықта сканерлеудің екі режімі қолданылады - спиральды және аксиальды.

Ол мобильді томографтар арасында сканерлеу үшін ең үлкен саңылау мүмкіндігіне ие. Өте мобилділігіне қарамастан,бұрынғы аппаратпен салыстырғанда, кескіндемелерді анағұрлым сапалы береді.Сондай-ақ, мобильді КТ операциялық үстелмен интеграциясы оның басымдылығы болып саналады, ол орнатылған рельстің көмегімен қозғалады және операция кезінде сканерлеуге мүмкіндік береді.

Және, адамның сәулеге шалдығу мөлшері, аз ғана болатынын атап өткіміз келеді.Әрине, бұндай мүмкіндікке ие болу зор мақтаныш,оның ТМД елдерінде аналогы жоқ, бұл Қазақстандағы тұңғыш аппарат.