Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Халықты туберкулездің алғашқы белгілері анықталған кезде, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы хабардар ету және алдын алу шараларын жүргізу мақсатында 2024 жылғы 20 наурызда «№7 қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ КМК емханасында туберкулездің алдын алу айлығы шеңберінде тіркелген тұрғындар үшін Ашық есік күні өткізілді.
Ашық есік күніне келген тұрғындарға учаскелік терапевттер, жалпы практика дәрігерлері, фтизиатр, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер жан-жақты кеңес берді. Мамандар халықты туберкулездің жеке және қоғамдық профилактикалық шаралары туралы, туберкулездің алғашқы белгілері туралы, туберкулезді жұқтырудың қауіптілігі мен ауыр зардаптары туралы хабардар ету қажеттігін атап өтті.
Аурудың алдын алу үшін профилактикалық тексеруден өту, аурудың алдын алудың маңызды факторы. Туберкулез созылмалы, тез жұқпалы аурулар қатарына жатады. Әрбір науқас үшін емдеу жолы жеке қарастырылады.

Список ответственных сотрудников
Городской клинической больницы №7 на праздничные дни
с 21-25 марта
ТАӘ/ФИО
Күні/Дата
1
Байжигитов К.Ж.
Сабитов Д.Ф.
21.03.2024 г.
2
Алиев М.А.
Коспанов Е.Ж.
22.03.2024 г.
3
Шерияздан Ж.С.
Сапаров Т.Б.
23.03.2024 г.
4
Дюсембаева Ж.Б.
Кенжаев Б.А.
24.03.2024 г.
5
Курмаев И.Т.
Өмірзақұлы Ө.
25.03.2024 г.
Ауруханасының байланыс номерлері:
Контактные номера:
8(727) 270-86-87 – Регистратура
8(727) 341-06-66 - Колл-центр

«Науқастың діңдік артериясы зақымданған. Егер артерия 99,9% жабылып қалса, бұл ауыр зақымдану – өлімге әкеледі. Асқыну қаупі де өте жоғары. Мұндай жағдайда әдетте ашық ота жасау керек. Зерттеу нәтижесі бойынша да стент қоюға болады, екі жағдайда да асқыну қаупі бірдей, – дейді Алматы қаласының №7 қалалық ауруханасы интервенциялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, ота жасаған хирург Сәкен Анартаев.

 

 

 

2024 жылдың 22-23 қаңтарында Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының емханасында Ауғанстан ардагерлеріне арналған Ашық есік күні өтті. Күн аясында терапевт, офтальмолог, отоларинголог, эндокринолог, психолог, әлеуметтік қызметкер мамандарының қатысуымен, интернационалист-жауынгерлерге профилактикалық тексерулер жүргізілді.
 
Сонымен қатар, интернационалист-жауынгерлерге үй жағдайында мамандарды тарта отырып, қандағы қант пен холестеринді, гипертонияны, ЭКГ-ны өлшеп, профилактикалық тексерулер жүргізілді.
Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасының базасында «Тізе буынын ауыстырудың заманауи аспектілері» тақырыбында ортопед-травматологтардың жетекші мамандарының және шақырылған шетелдік әріптестерінің қатысуымен бірлескен шеберлік сағаты өткізілді.
Шеберлік сағаты аясында жетекші ғылыми қызметкер, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Я.Л. Цивьян атындағы «Новосибирск Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесінің № 3 травматологиялық-ортопедиялық бөлімшесінің меңгерушісі В.С. Баитовтың қатысуымен оқыту дәрістері өтіп, көрнекі оталар жасалды.
Шеберлік-сағаты барысында дәрігерлер ортопедияның өзекті саласында және тірек-қимыл жүйесінің созылмалы ауруларында, оларды емдеудің заманауи әдістерінде, осы патологияларды диагностикалау саласында пікір алмасып, тәжірибемен бөлісті. Өзекті және проблемалық мәселелер талқыланды, тәжірибеден күрделі клиникалық мысалдар қарастырылды, ауыр науқастарға кеңес берілді.
Демонстрациялық оталар жасалды, оған ең күрделі патологиялары бар пациенттер іріктелді.