Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Read more ...

2024 жылғы 21 сәуір мен 27 сәуір аралығында «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғаушы» тақырыбына Еуропалық иммундау апталығы өтті.
Апталықтың мақсаты- аурудың алдын алу және өмірді түрлі дерттерден қорғау үшін иммундаудың маңыздылығы туралы халықтың жан-жақты хабардар болуын арттыру, сондай-ақ өмір бойы жақсы денсаулық пен әл-ауқаттың көптеген аспектілдерінде вакциналардың маңыздылығын дәлелдеу.
Алматы қаласының №7 ҚКА жанындағы емханада эпидемиолог- дәрігер Г.А. Ажимуратова және психолог маман Д.С.Мамлеева, Салаутты өмір салтын насихаттау кабинетінің мейірбикесі А.Д.Жангазиева медициналық қызметкерлер мен емханаға тіркелген балалардың ата-аналары үшін «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғаушы» тақырыбына дәріс оқыды.

 

Read more ...

Оңтүстік астанадағы №7 Қалалық клиникалық аурухана хирургтері Крона ауруы, жаралы колит, тоқ ішектің дивертикулярлы ауруы, тік ішек эндометриозы, ішектегі қатерлі ісік пен онкологиялық емес ісіктерді жоспарлы түрде лапароскопиялық тәсілмен емдеп келеді.
Емдеу мекемесі директоры, тәжірибелі хирург Манас Рамазановтың айтуынша, аурухана хирургия саласындағы соны жетістіктерді, соның ішінде отаның жаңа әдіс-тәсілдерін қолданысқа үнемі енгізіп отырады.

Ссылка на пост

Read more ...