Мы находимся:Казахстан, г.Алматы, микрорайон «Калкаман»
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Өткен жыл еліміздің денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жолында жаңа тәжірибе жинадық және сабақ алдық.

Алайда жетістігіміз де жоқ емес. Мәселен, аудандық ауруханаларға берілген жүз жаңа жылжымалы медициналық кешеннің арқасында, қазір ауылдағы тұрғындарға алғашқы медициналық көмек қолжетімді.

COVID-19 қарсы күрес үшін 15 жаңа модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды.

ПТР тест бағасы 22% арзандады.

2020 жылы Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды.

Дәрігерлердің орташа жалақысы 30%, орта медицина қызметкерінің жалақысы 20% өсті.

2020 жылы медицина саласында атқарылған іс-шаралар мен халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жасалған жұмыстың бір қатары төмендегі бейнематериалда.