✅ Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық аурухананың №1 нейрохирургиялық бөлімшесінің 64 жастағы пациенті көптеген жылдар бойы белдің тұрақты түрде ауырсынуына шағымданған. Ұзақ жүрістен және үнемі бір қалыпты жүру мүмкін еместігі салдарынан, ауырсынумен 50 метрден артық жүре алмайтын, одан әрі ауырсыну белгілері күшейіп, аяқтың жансыздануы пайда болады.
✅Ашық есік күні барысында тіркелген тұрғындарға отбасын жоспарлау мәселелері бойынша терапевт - дәрігер және акушер-гинеколог бейінді мамандар консультация жүргізді. Қатысушылар мамандармен кеңесіп, өздерін мазалап жүрген сұрақтарға нақты, әрі толық жауап алды.
Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.
30 тамызда біз еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеміз.
Барша қазақстандықтарды айтулы к8нмен құттықтаймыз! Бейбітшілік пен мейірімділік,денсаулық пен бақ-береке, тұрақтылық пен өркендеу тілейміз!
✅ Алматы қалалық №7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған іс-шаралар аясында бекітілген тұрғындар үшін ашық есік күні өтті.
✅ Ашық күнге келгендердер жалпы тәжірибелік дәрігерлер, оториноларинголог, офтальмолог, хирург, невропатолог мамандарына қаралып, кеңес алды. Сондай-ақ, қандағы глюкоза мен холестеринді анықтауға арналған экспресс-тест тапсырып, электрокардиограмма жазуға мүмкіндік берілді.
✅ Сонымен қатар, емхананың медицина қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2022 жылдың 5 тамызында «Аманат» партиясының «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы қызметкерлерінің биыл 1-сыныпқа баратын 145 балаларына мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмкелер берілді.
Алматыда 15 жерден пышақталған 23 жастағы қыз жедел жәрдем бригадасымен Алматының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Француз делегациясының құрамында Страсбург университеттік ауруханаларының бас директоры Гали Мишель мырза, Андрес Жюлетт ханым, CETD ЛОР бөлімінің басшысы профессор Debry, Халықаралық қатынастар жөніндегі қызметкер Маринео Анн ханым және халықаралық қатынастар жөніндегі қызметкер Киеффер Селин ханым бар. Сонымен қатар, бүгінгі кездесуге Франция Елшілігінің Қазақстандағы өкілдері қатысты.
Жол картасы бойынша іс-шараларды өткізу шеңберінде медициналық қызмет көрсетуді жақсарту үшін ағымдағы жылдың 29 маусымында №7 ҚКА емханасының ғимаратында Алматы қаласының тұрғындары: қарттар, ҰОС мүгедектері, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар үшін Ашық есік күні өткізілді.