№7 қалалық клиникалық ауруханада Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар жобасын түсіндіру, сондай-ақ 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум өткізу бойынша жиналыс өтті.
Алматы тұрғындары үшін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген республикалық референдум туралы ақпарат беретін бірыңғай Call-орталық іске қосылды.
Call-орталық халықты ақпараттандыру және қала тұрғындарына референдум мәселелері бойынша кеңестер беру әрі дауыс беру процесіне тарту үшін құрылған.
Алматы қалалық №7 Қалалық клиникалық ауруханасы 2022 жылдың 15 мамырында қадірлі әріптесіміз, үздік хирург, жоғары кәсіби маман, «Алтын дәрігер» төсбелгісі атағының иегері, №1 шұғыл хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ғани Тамиұлы Берістемов, 55 жасқа толған шағында ұзақ аурудан кейін қайтыс болғанын хабарлайды.
Пациент Әйгерім Көптілеуова, 1986 жылы туған, жүктілік мерзімі 24-25 аптасында Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының (№7 ҚКА) қабылдау бөлімшесіне, омыртқаның бел-сегізкөз аумағының оң аяққа жаңғырып беріліп ауырсыну шағымдарымен келіп түсті. Шұғыл түрде неврология бөліміне жатқызылды,- деп хабарлайды №7 ҚКА-ның баспасөз қызметі.
Пациент Әйгерім Көптілеуова, 1986 жылы туған, жүктілік мерзімі 24-25 аптасында Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының (№7 ҚКА) қабылдау бөлімшесіне, омыртқаның бел-сегізкөз аумағының оң аяққа жаңғырып беріліп ауырсыну шағымдарымен келіп түсті. Шұғыл түрде неврология бөліміне жатқызылды,- деп хабарлайды №7 ҚКА-ның баспасөз қызметі.
ЕИА мақсаты - аурудың алдын алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, вакцинациямен қамтуды арттыру. ЕИА іс-шараларын іске асыру халық пен медицина қызметкерлері арасында вакцинацияға деген ынтымақтастық пен сенімді нығайтуға бағытталған.
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы №7 ауруханада семіздікке шалдыққан 4 пациенттің асқазанына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында операция жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық 7 клиникалық аурухананың ұжымы сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды!??
Көп ұлтты халқымыздың бірлігі - еліміздің басты байлығы! ✊?✊?
Медициналық технологиялар дамып, заманауи дәрі-дәрмектер жетілдірілген сайын адамдардың өмірі ұзарып, бұрын емге көнбейтін кеселдердің көпшілігінің шипасы табылып тұр.
✔️Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емханада тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау жалғасып жатқанын жеткіземіз.