Функциональдық диагностика бөлімшесі
Жанат Кеңесбайқызы Мұстафаева функциональдық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Тел. 8 (727) 270 86 16 (277) |
Функциональдық диагностикалық бөлімше - 2001 жылдан бастап жұмыс істеп келеді,№7ҚКА құрамында емханалық-диагностикалық орталық қайта ұйымдастырылғаннан кейін 2006 жылдың наурыз айында ашылды.
Қазіргі кезде функциональдық диагностикалық бөлімшенің ЭКГ, ЭЭГ, эндоскопия кабинеттері пациенттерге аппараттық зерттеу жүргізеді.
Бөлімшеде шұғыл түрде қабылдау бөлімшесінің және реанимация бөлімшесінің пациенттері қызмет көрсету мақсатында тәулік бойы эндоскопия кабинеті жұмыс істейді.
2006 жылдың қаңтарынан маусым айына дейін бөлімшеге Гүлшат Менмухамедқызы Шушбаева басшылық етті, ол жақсы маман, білікті тәлімгер болды, 1991 жылдан бастап аурухананың эндоскопиялық қызметін ұйымдастырды.
Бөлімшеге 2006 жылдан 2007 жыл аралығында Кайрат Серікұлы Абдрахманов басшылық етті. Оның басшылығымен аурухананың лапароскопиялық қызметі ұйымдастырылды, алғашқы лапароскопиялық операциялар жасалды, бронхоскопия, колоноскопия кабинеттері ашылды. Оның бастамасымен заманауи эндоскопиялық және лапароскопиялық жабдықтар орнатылды, бұл жабдықтар осы күнге дейін Қазақстан халқы игілігі үшін қызмет етіп келеді
ЭХО Эс және ЭЭГ кабинеті | ЭХО Эс және ЭЭГ кабинеті |
Функциональдық диагностика бөлімшесі - бұл көп салалы клинико-диагностикалық бөлімше, мұнда диагностикалық және емдеу манипуляциялары жасалады, олар видеоэзофагогастродуоденоскопия, видеобронхоскопия, дуоденоскопия, колоноскопия, биопсия алу, полипэктомия, өңеш және асқазан-ішектік қан кетулерді тоқтату,өңештен,асқазаннан бөгде заттарды алу, ДПК және трахеобронхиальдық бұтақ, ЭРПХГ, ЭПСТ, ЖВП стентирлеу, эхокардиография, электрокардиография, электроэнцефалография. ЭРПХГ жоғары санатты дәрігерлер Меньшикова Ирина Львовна және Аян Сабиханұлы Байжанов жүргізеді.
Бюджеттік науқастарды емдеу және қабылдаумен қатар бөлімшеде ақылы бөлімшелердің пациенттері және амбулаториялық науқастар зерттеуден өтеді.
Эндоскопия кабинеттері | ЭКГ кабинеті |
Бөлімше аурухананың бірінші қабатында орналасқан және жеке құрамдардан тұрады:
- эндоскопиялық зерттеу кабинеттері
- №8 Кабинет - “OlympusEVISEXERAIICV -180” Эндовидеожиынтығында зерттеулер жасалады.
- №9 Кабинет - ““KARLSTORZ” Эндовидеокомплексте зерттеулер жасалады.
- Кабинета фибробронхоскопии - “Olympus” BF PE2 Фибробронхоскопта, “KARLSTORZ” портативномвидеобронхоскоппен,, “Pentax” EB 1970 K Видеофибробронхоскоппен зерттеу жұмыстары жасалады.
- №10 шұғыл эндоскопия кабинеті — “KARLSTORZ” портативтік видеогастроскопта тәулік бойы шұғыл зерттеулер жүргізіледі.
- Колоноскопия кабинеті - “KARLSTORZ” Эндовидеокомплексымен зерттеулер жүргізледі ;
- ЭКГ кабинеті – «Fukuda.Кардиомакс» және «SCHILLER” 6- каналды Электрокардиографтарда зерттеулер жүргізіледі.
- Сыртқы тыныс функциясын және перифериялық тамырлардың ахуалын зерттеуге арналған кабинет , зерттеу Спирометре «Спиро-С-100» аппаратында жасалады
- Ми функциясын зерттеуге арналған кабинет , зерттеу Электроэнцефалографе «Мицар», ЭхоЭнцефалографе «Мицар» аппараттарында жасалады
Бөлімшені 2007 жылдан 2013 жылдар аралығында эндоскопист-дәрігер Зелинский Владислав Евгеньевич басқарды. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап бөлімшеге клиникада жұмыс істегеніне 20 жылдай уақыт болған эндоскопист-дәрігер Жанат Кеңесбайқызы Мұстафаева басшылық етеді. Бөлімшенің аға мейірбикесі Гүлнара Абдығұлқызы Мамырханова, жоғары санатты мейірбике. Бөлімшеде аурухана ашылған күннен бастап қызмет ететін қызметкерлер бар.Олар Патова Светлана Султановна- жоғары санатты нейрофизиолог-дәрігер, Жұмагүл Ахметқызы Медебаева-жоғары санатты ЭКГ кабинетінің дәрігері, Жанат Рахатқызы Нұрғалиева-жоғары санатты мейірбике.
Бөлімшенің жұмыла еңбек еткеннің арқасында жылына мыңдаған қазақстандық диагностикалық көмек және емделуден өтеді- жылына 4000 мыңнан астам фиброгастроскопия, 500 бронхоскопия, 14000 электрокардиография, 1000 электроэнцефалография, 200 астам эндоскопиялық операциялар жасалады.
Бөлімшеде 14 дәрігер, 10 мейірбике, 3 тазалықшы және шаруа-бикесі жұмыс істейді.