Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
  
Бөлімше меңгерушісі
Бекішев Бақтияр Мырзашұлы
Жұмыс тел:27008621 ішкі190

Көпсалалы ақылы хирургиялық бөлімше

Ақылы хирургиялық бөлімше 40 төсекке арналған.Хирургиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық және жарақаттық патологиясы бар науқастарға жоғары кәсіби деңгейде шұғыл және жоспарлы емдеу-диагностикалық көмек көрсетіледі.Пациенттер үшін жақсы тұрмыстық жағдай жасалуымен қатар, жоғары деңгейлі диагностика,емдеу-консультативтік және арнайы медициналық көмек және оңалту процесі, осының бәрі бөлімше қызметінің негізін құрайды.

Көпсалалы ақылы хирургиялық бөлімшеде нейронавигацияны қолданып миға операция жасау,малоинвазивтік микрохирургия, буындарды эндопротездеу,операциялық емдеу эндовидеоскопиялық әдістері және өзге де заманауи жетістіктерге басымдық беріледі.

Бөлімше дәрігерлері ми және омыртқа бағанасы, ішперделік және кеуде қуыс ағзаларына, эндокриндік ағзаларға (қалқаншабез) хирургиялық араласу амалдарының кең ауқымын меңгерген.Гинекологиялық және жарақаттық патологиялар кезінде, гепатобиллиарлық жүйеге және асқазан-ішек жолдарына реконструкциялау операцияларын жасайды.

Күрделі операциялық араласу кезінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін клиниканың жетекші мамандары басшылық етеді:

· Баймаханов Болатбек Бимендееұлы, №7 ҚКА бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, РМҒА академигі

· Дюсембеков Ермек Қавтайұлы,№7ҚКА №4 НХБ меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы

 

Бөлімшеде пациенттерге келесі аурулар түріне операциялар жасайды:
Хирургиялық аурулар
асқазан ауруы
ұлтабар ауруы
 жіңішке және жуан ішек ауруы
өт шығу жолдары ауруы
қалқаншабез ауруы
жұмсақ тіндер пайда болуы (липома,гигрома,атерома және т.б.,)
диффузиялы, диффузиялы- токсикалық зоб
түйінді зоб
аралас зоб
қалқанша без обыры
мойын және қанқашабез жылауығы
операциядан кейінгі жарық
алдыңғы құрсақ қабырғасының жарығы
шап, шап-ұма жарығы, кіндік жарығы
көгет жарығы, бауыршеттің босаңсуы
бауырдың алғашқы ісігі (қатерлі және қатерсіз ісік)
гепатоцеллюлалық обыр
бауыр гемангиомасы
өт жолдары және өтқалталық ісіктер
бауыр эхинококкозы (асқынған, көптік)
бауыр альвеококкозы
бауыр жылауығы, бауыр поликистозы
қалқаншабездің қатерлі және қатерсіз ісігі
ұлтабардың және үлкен дуоденальдық емшекұшы обыры
ұйқыбез жыланкөзі және жылауығы
жіті және созылмалы холецистит
өт-тас аурулары
холедохолитиаз
өттүтіктің тыртық тарылысы
өкпе эхинококкозы
пневмоторакс, пневмоторакс

                                    

                                               Дивертикулез тонкой кишки, субтотальное поражение. Дивертикулит.
                                                       Кистозный пневматоз стенки тонкой кишки, разрыв кист

 

                                   

                                                                    Напряженная киста поджелудочной железы

 

                                  

                                                   До операции                                                 Через 1 год после операции

 

Қайталамалы бауыр эхинококкозы.Бауырдың екі жақ бөлігінің көптеген эхинококктық жылауығы (бауырдың субтотальдық зақымдануы)

Нейрохирургиялық аурулар
бас және мойын ісіктері
ми ісігі(глималар, менингиомалар,ангиомалар,аденомасы,гипофиза, краниофарингиома, есту нерві (VIII) невриномасы, ми метастазасы және т.б)
жұлын-ми ісігі(экстрадуральдік және интрадуральдік, интрамедуллярлы)
гидроцефалия(ми шемені)
бассүйекішілік гематома (субдуральдік,ми- ішілік, эпидуральдік гематома)
омыртқа бағанасы остехондрозы
омыртқааралық диск жарығы
спондилолистез
жұлын және омыртқа бағанасы зақымдануы және жарақаты
жұлын нервісі түбіршектің ісігі
жұлын қабығының ісігі
дене омыртқалары гемангиомасы

 

                                   

                                                                                             Гипофиз аденомасы

Гинекологиялық операциялар
эктопиялық жүктілік (құрсақтық, жатырлық)
жатырдың қабынуы
жатыр қосалқыларының қабынуы
жатырдың дисфункциялық қанауы
жатырдың қатерсіз ісігі (жатыр миомасы, эндометриоз)
жатыр қосалқыларының қатерсіз ісігі
түтік бедеулігі
анабез жылауығы
анабез апоплексиясы
тубовариалды пайда болу
жатыр түсуі

Жарақаттық аурулар
жарақат және тірек-қимыл аппараты аурулары
жіліктің жалған буындары
дұрыс бітпеген және (немесе) баяу бітетін сынық
сүйектің ашық және жабық сынығы
сүйектің жаншылып және жарықшақтанған сынығы
деформациялағыш остеоартроз
байлам аппаратының созылуы және соғылуы
буындардың және буын қаптамасының (артрит,бурсит) қабыну аурулары

Бөлімшедегі жасалатын операциялар ауқымы

Қазіргі кезде клиникаға бауырдың ошақты ауруларына гемигепатэктомия,перицистэкомиямен бірге радикалды операциялар жасау енгізілді.Ұйқыбез резекциясы хирургиясының түрлі тәсілдері қолданылады, ұйқыбез жылауығы кезінде дренаждау, панкреатодуоденальдық резекция және панкреатэктомия, ұйқыбез басы резекциясы қоса қамтылады.

Қайталамалы қалқаншабез ауруларына радикалды араласу (тиреоидэктомия) әдісі кеңінен қолданылады.Үлкен құрсақ жарығында аллопластикалық араласу, тоқішек зақымдануы кезінде колопластикалық араласу амалдары енгізілген. Біз соңғы үлгідегі заманауи анестезиологиялық және операциядан кейінгі құралдармен, заманауи жабдықтар мен жоғары мамандандырылған кәсіби құраммен,бір сәтте үлкен операциялар жасау мүмкіндігіміз бар, сол себепті жақсы қорытынды мен пациенттерге операциялық араласу қайта қайталанбауына қол жеткіздік.Бүгін де аз жарақаттық технологияларды қолданып,үлкен тілік жасамай, лапароскопиялық(тесу арқылы) операциялар түрлері жасалады.

                                        

Жылына бөлімшеде 500 астам эндовидеохирургиялық операциялар жасалады

Хирургиялық операциялар

 лапароскопиялық холецистэктомия
 лапароскопиялық герниопластика (жарықты тігу)
 лапароскопиялық эхинококкэктомия
 бауырға лапароскопиялық кистэктомия
 торакоскопиялық операциялар
 видеоторакоскопиялық ассистирлеумен миниторактомия және т.б.
 бауырды резекциялау(гепатэктомия,сегменттік, атиптік)
 бауыр мен өкпеден эхинококктомия
 бауыр гемангиомасын энуклеациясы
 бауырдың паразиттік емес жылауығын сылып тастау
 ұйқыбездің басын резекциялау, дистальдық резекция
 ұйқыбезіне дренаждау операциялары(панкреатоеюностомия,цистоеюностомия)
 Юраш бойынша трансвентикулярлық цистогастростомия
 холецистэктомия
 холецистомия
 холедохолитотомия
 холедохолитиаз кезінде өттүтікті ішкі және сыртқы дренаждау
 өттүтіктеріне реконструкциялық операциялар(гепатикоеюностомия,гепатоеюностомия)
 өттүтікке малоинвазивтік дренаждау операциялары (тері арқылы пункциялық дренаж, тері арқылы, бауыр арқылы пункциялық сыртқы дренаж)
 трансдуоденальдық папиллосфинктеротомия
 герниопластика (жарықты тігу)
 тиреоидэктомия (струмэктомия)
 қалқаншабезді сылып тастау
 асқазанды резекциялау
 гастрэктомия
 жіңішке ішекті резекциялау
 тоқ ішекті резекциялау
 оңжақ гемиколэктомия
 солжақ гемиколэктомия
 жабық колостомалар
 видеоторакоскопиялық ассистирлеумен миниторактомия және т.б.
 спленэктомия (талақты сылып тастау)
 гастропексиямен Ниссен-Розетти бойынша фундопликация
 жұмсақ тіндердің пайда болуын сылып тастау (липома,атеромалар,фибромалар,гигромалар және т.б)

 

                               

                                                                           Аллогерниопластика проленовой сеткой

Нейрохирургиялық операциялар
 гипофиз ісігін трансназальдық транссфеноидальдық сылып тастау
 гидроцефалия кезінде эндоскопиялық операциялар
 краниопластика
 геморрагиялық инсульт кезінде гематоманы малоинвазивтік сылып тастау
 бассүйек ақауы пластикасы
 ми ісігін резекциялау (сылып тастау)
 нейронавигацияны пайдаланып ми ісігін сылып тастау
 мидың пайда болу (ісік) биопсиясы
 гипофиз ісігі кезінде трансназалды және транскраниалды операциялар
 нейронавигацияны пайдаланып аденома гипофизын сылып тастау (резекциялау)
 диск жарығын сылып тастау (резекциялау)
 лазерді қолданып диск жарығын сылып тастау(резекция)
 жұлын ісігін сылып тастау
 миішілік гематоманы сылып тастау
 бассүйек ішілік гематоманы сылып тастау (эпидуральдік және субдуральдік)
 гидроцефалия кезінде ұштастыру операциялары
 омыртқааралық дискілерді протездеу
 ламинэктомия
 омыртқаны транспедикулярлы фиксациялау
 спондилодез денеаралық
 вертебропластика

 

                                

                                                                               Нейронавигациялық аппарат

Гинекологиялық операциялар
 лапароскопиялық туботомия
 лапароскопиялық тубэктомия
 лапароскопиялық гистерэктомия
 лапароскопиялық аденсэктомия
 лапароскопиялық цистэктомия және т.б
 гистероскопия
 медициналық түсік
 шағын түсік
 жатыр қуысын емдеу-диагостикалық қырнау
 гистероскопия
 жатырды інішекүстілік отау
 жатырды экстирпациялау (қосалқымен және қосалқысыз)
 цистэктомия, кисэктомия
 адгезиолизис
 хромогидротубация
 консервативті миомэктомия
 сальпинготомия,сальпингоэктомия
 туботомия,тубэктомия
 аднексэктомия
 жатырды қынаптық отау
 қынапқа және бұтаралық пластикалық операциялар

Жарақаттық операциялар
 артроскопия
 Беккер жылауығын сылып тастау
 буын капсуласы пластикасымен буын жылауығын сылып тастау
 буын шығып кетуін орнына қою (ашық және жабық)
 сүйек сынықтары репзициясы (ашық және жабық)
 интрамедуллярлы остеосинтез
 экстрамедуллярлы остеосинтез
 компрессин-дистракционды аппаратпен ошақтан тыс остеосинтез (Илизаров аппараты)
 бөгет стерженімен остеосинтез
 ұршықбуынға эндопротез
 консолидирленген сыныққа метал бекіткішті алып тастау

                                

       

Біздің пациенттерге қолайлы жағдайлар жасалған

Бөлімшеде бар :
 бір кісілік палата
 екі кісілік палата
 үш кісілік палата
 VIP палаталар

барлық жағдай жасалған:
 пультты көпфункциялы автоматты керуерт
 телевизор
 тоңазытқыш
 киімге арналған шкаф
 тумбалар
 душ кабиналары
 тынығуға арналған кең холл
 Wi-Fi(интернет)

  

Бөлімшеде бұл ерекше тәсіл кеңінен қолданылады, бір мезетте ішперде қуысы ағзаларына және өкпе жасушаларына ( хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық ауруларға) омыртқаға және миға, жанамаласқан жарақатқа (политравма), өз күшімен және аурухананың сәйкес келетін бөлімшелерінің жетекші мамандарымен бірлесе операция жасайды.

Бөлімшенің үйлесімді қызметі және ұжымының жоғары кәсіби біліктілігі- Сіздерге сапалы және білікті көмек көрсету кепілі.

Егер дертіңіз ауыр болса- емдеуді білікті мамандарға тапсырыңыз!