Қабылдау бөлімшесі
Қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі |
Қабылдау бөлімшесінің дәрігерлері тәулігіне 24 сағат шұғыл науқастарды қабылдайды. Барлық медициналық мекемелер сияқты №7 қалалық клиникалық аурухананың тыныс тіршілігі қабылдау бөлімшесінен басталады.
Бұл бөлімшеде жарақатты және түрлі аурулар патологиясымен науқастарды қабылдайды және госпитализациялайды.
Дәрігерлер тәулік бойы қабылдау кабинетіне түскен, ургентті науқастарды қабылдайды:
Нейрохирургия
Қабылдау бөлімшесінің нейрохирург - дәрігерлері ми жарақатының түрлі деңгеймен, сондай - ақ Республиканың барлық аумағынан келген ми жарақаты және ми ісігі бар науқастарды қабылдайды, оларға жоғары мамандандырылған көмек көрсетіледі.
Хирургия
Қабылдау кабинетінде хирург - дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істейді. Ургентті хирургия бойынша хирургтар шұғыл операциялардың барлық түрлерін жасайды, лапароскопиялық және эндоскопиялық хирургиялық әдістері белсенді енгізіледі.
Терапия
Қабылдау бөлімшесінің терапиясына науқастар түрлі терапиялық аурулар, ми қанайналымы жіті бұзылуы, бүйрек функциясы жеткіліксіздігі, қан және нерв жүйесі ауруларымен келеді, науқастар жиі ауыр жағдайда немесе ес-түссіз күйде жеткізіледі, бұндай санаттағы науқастарға реанимациялық зал, өкпенің жасанды вентиляциясы аппараты жабдықталған, жіті коронарлық патология диагностикасы үшін экг - кабинеті жұмыс істейді, емшара кабинеті техникалық жабдықталған, дәрі - дәрмектердің толық тізбесі бар.
Жарақаттық
Жарақатпункті күрделі жанамаласқан және оқшауланған жарақатпен келеді. Қабылдауды тәжірибелі травматолгтар жүргізеді. Урология және гинекология кабинеттері Әуезов және Алатау ауданының шұғыл науқастарын қабылдайды. Осы аталған контингент науқастарына жоғары мамандандырлған медициналық көмек көрсетіледі. Емдік іс - шаралар және оперативті араласулар жоғары деңгейде жүргізіледі.
Шұғыл зертхана
Сондай - ақ клинико - диагностикалық зертхана бар, ол жаңа биохимиялық және гематологиялық аппараттармен жабдықталған, қысқа мерзімде ағзалардың ішкі жағдайын анықтауға, қысқа мерзімде экспресс - талдаулар жасауға мол мүмкіндігі бар, зертхана нормаларына сәйкес қажетті аппаратурамен және реактивтермен жабдықталған.
Удз кабинеті
Қабылдау бөлімшесінде тәулік бойы жұмыс істейтін УДЗ кабинеті бар, түрлі ауруларды диагностикалау және дифференциялау кезінде ультра дыбыстық зерттеуді енгізу бұлжытпас дәлел болып есептелінеді.
Рентген кабинеті
Қабылдау бөлімшесі заманауи рентгенологиялық кабинетпен, рентген зертханасы және жаңа сандық рентген аппаратымен жабдықталған, омыртқа бағанасы және бассүйекішілік жарақаттық зақымдану кезінде диагностикалаудың үздік тәсілі сәулелі әдіс болып табылады, сондай - ақ шұғыл рентген кабинетінде мидың көлемді процестерінде рентгенолог - дәрігер және рентген - зертханашы қабылдау жүргізеді, шұғыл қызмет жағдайлар да контрасты заттекпен эксткреторлық урография, цистография, ангиография, холангиографияда түрлі зерттеулер жүргізіледі
Компьютерлі томография
Бөлімшеде мамандар тәулік бойы келген шұғыл науқастарды қабылдайды, заманауи компьютерлі томография және мрт - аппараты орналасқан, оның көмегімен, рентген - аппаратымен анықтау мүмкін емес, патологияларды диагностикалау мүмкіндігі бар