Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Дені сау адамның қан қысымы стресске немесе физикалық белсенділікке байланысты жоғарылайды. Егер тонометр сб.140 мм жоғары деп көрсетсе, дереу емдеуші дәрігерге немесе учаскелік терапевтке хабарласып, консультация алу қажет.

Дені сау адамның қан қысымы стресске немесе физикалық белсенділікке байланысты жоғарылайды. Егер тонометр сб.140 мм жоғары деп көрсетсе, дереу емдеуші дәрігерге немесе учаскелік терапевтке хабарласып, консультация алу қажет.

Гипертония көп адамда симптомсыз болады, ал ағза мұндай ауыртпалықты көтереді, алайда осы аралықта тамыр жүйелері әлсіреп, денсаулық сыр береді.

Қан қысымы көбінесе бүйрек, орталық жүйке жүйесі, жүрекке ауырпалық түскенде немесе қан айналымы бұзылғанда көтеріледі.

Әсіресе артық салмағы бар, аз қимылдайтын, жартылай фабрикаттармен тамақтанатын, шылым шегіп, алкогольді ішімдік ішетін адамда гипертонияға шалдығу қауіпі жоғары. Ал гипертонияның соңы инфаркт пен инсультқа ұласуы мүмкін.

Денсаулығыңыз үшін зиянды әдеттерден бас тартыңыз және уақытылы қан қысымын өлшеп тұрыңыз. Сондай-ақ, бас, кеуде және жүрек тұсы ауырса, көру қабілетіңіз күрт төмендесе, жүрек жиі соғатын болса, бет қызарса мамандардан консультация алыңыз.

Қазақстанда артериалды гипертензиясы бар пациенттерге медициналық көмек ТМККК шеңберінде тегін көрсетілетінін тағы да еске саламыз. Терапевт дәрігер қауіп-қатердің дәрежесіне байланысты 3 немесе 6 айда 1 рет және кардиолог жылына 1 рет тексереді.

Қанның жалпы анализі, несептің жалпы анализі, қанның биохимиялық анализі, ЭКГ, артериалды қысымның тәуліктік мониторингі (24 сағат), эхокардиография тегін жасалады.