Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Мен Сыздыкова Ләззат Абсаттаровна 15 ақпан күні 7 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының 1 хирургиялық бөліміне ауыр халде түсіп, 16 ақпан күні маған ота жасалды. Мен сонда 21 күн жатып, аман есен отбасыма оралдым.

Әрине әуелі Алла, сонан кейін осы 1 хирургия бөлімінде адам өміріне араша болып жүрген, ақ халатты абзал жандар.Құрметті 1хирургия бөлімінің меңгерушісі Беристемов Ғани Тамиевич сіз басқарып отырған ұжымның "Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып", жұмыс жасап жатқан барлық қызметкерлеріңізге, қанатыңыздың астына алып өз білгеніңізді үйретіп, адал еңбек етуге тәрбиелеп жүрген ақ қалатты абзал жандарға алғысым шексіз, әрине мені ерекше ісімен, жылы сөздерімен, ауыр ота жасап, мені қайта өмірге сүруге деген құлшынысымды арттырып, қиын жағдайдан алып шыққан мейірімді, білімді, парасатты,өз жұмысына адал, арыстан жүректі Мауленов Нұрлан Байбековичті ерекше атап өткенді жөн көрдім.

Байбековичтің әр күні қасыма келіп, қалайсыз апа? деген әрбір сөздері, жылы мейіріммен қарағаны мен үшін дертіме шипа, дәрумен болды десем, жаңылмаған боламын. Байбековичтің әрбір ісіне дән ризамын, алла қолдап әр уақытта биіктерді бағындыра берсін, өссін, өркендей берсін, жұмысында абыройлы болсын, шыңның шыңына шықсын дегім келеді. Дәрігер, сізге алғысым шексіз!

М. Н. Байбекович, жай ғана хирург емес, 1 ші хирургия бөлімінде ота жасау бөлімінің меңгеруші қызметін атқарып жүрген, өз мамандығын сүйіп атқаратын майталман маман иесі екеніне көзім жетті. Мың алғыс сізге дәрігер!