Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Әр жыл сайын 1-ші қазанда Қарттар күнін атап өту дәстүрге айналған. 2021- жылы бұл күн 30-шы рет атап өтіліп отырғандықтан, мерейтой болып есептеледі.

Әр жыл сайын 1-ші қазанда Қарттар күнін атап өту дәстүрге айналған. 2021- жылы бұл күн 30-шы рет атап өтіліп отырғандықтан, мерейтой болып есептеледі.

Ресми деректер бойынша, осы уақыт аралығында Қазақстанда өмір сүрудің ұзақтығы 5 жылға, яғни 68-ден 73 жасқа дейін ұзарды. 2025 жылға қарай Ел дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес ол 75 жасқа дейін ұзарады.

⁉️ Бұл үшін қандай жұмыстар жасалуда?

БІРІНШІ. Кең таралған ауруларды ерте анықтау және мезгілінен бұрын өлім-жітімнің алдын алу үшін барлық жерде медициналық кәсіби тексерулер мен скринингтік зерттеулер жүргізіледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша 30-70 жас аралығындағы әрбір бесінші адам жұқпалы емес жүрек - қан тамырлары ауруларынан, өкпенің созылмалы ауруларынан, қатерлі ісіктерден немесе қант диабетінен қайтыс болады.

Егде жастағы тұрғындар арасында аурулардың алдын алу үшін елімізде белсенді ұзақ өмір сүрудің 850 мектебі құрылды, онда дұрыс тамақтану қағидаттарына, дене белсенділігіне, СӨС аспектілеріне, өзін-өзі реттеу дағдыларына, сонымен қатар артериалық қан қысымын, қандағы қант мөлшерін дұрыс өлшеуге, тамыр соғысын өз бетінше анықтауға оқыту жүргізіледі, психолог қызметі көрсетіледі, адамның жас мөлшері проблемалары бойынша сұрақтарға жауаптар беріледі.

ЕКІНШІ. Мемлекет зейнетақы жасындағы әрбір қазақстандыққа азаматтардың жеңілдікті санатындағылар ретінде жүйеде автоматты түрде сақтандырылу мәртебесін ұсына отырып, МӘМС-тің кеңейтілген пакетіне қол жеткізуге кепілдік береді. Қазіргі таңда Қазақстанда 65 жастан асқан адамдардың саны жалпы халық санының 7,5 % - ға жуығын құрайды, жыл сайын еліміздегі қарттар санының орташа есеппен 4-5% - ға өсуі байқалады.

Бұдан өзге де, әлеуметтік маңызы бар, созылмалы немесе қоғам үшін қауіпті аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрған барлық пациенттер пакетке қол жеткізе алады.

Статистика көрсеткендей, егде жастағы адамдардың негізгі бөлігі ұзақ мерзімді созылмалы аурулардан зардап шегеді, көбінесе бір науқаста 3-тен 5-ке дейін ауру түрлерінің болатындығы жиі кездеседі. 65 жастан асқан адамдардың үштен екісінде артериялық гипертензия, әрбір екіншісінде жүректің ишемиялық ауруы, ал әр үшінші адамда қант диабеті бар.

ҮШІНШІ. Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2021-2023 жылдарға арналған геронтологиялық қызметті жетілдіру жөніндегі жол картасы әзірленді және бекітілді.

Құжат Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында орналастырылған және әкімдіктерге орындау үшін жіберілген.