Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7
Халықты туберкулездің алғашқы белгілері анықталған кезде, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы хабардар ету және алдын алу шараларын жүргізу мақсатында 2024 жылғы 20 наурызда «№7 қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ КМК емханасында туберкулездің алдын алу айлығы шеңберінде тіркелген тұрғындар үшін Ашық есік күні өткізілді.
Ашық есік күніне келген тұрғындарға учаскелік терапевттер, жалпы практика дәрігерлері, фтизиатр, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер жан-жақты кеңес берді. Мамандар халықты туберкулездің жеке және қоғамдық профилактикалық шаралары туралы, туберкулездің алғашқы белгілері туралы, туберкулезді жұқтырудың қауіптілігі мен ауыр зардаптары туралы хабардар ету қажеттігін атап өтті.
Аурудың алдын алу үшін профилактикалық тексеруден өту, аурудың алдын алудың маңызды факторы. Туберкулез созылмалы, тез жұқпалы аурулар қатарына жатады. Әрбір науқас үшін емдеу жолы жеке қарастырылады.