Біздің мекенжай:Қазақстан, Алматы қ., «Калкаман» ықшамауданы
  • Городская Клиническая Больница №7
  • Городская Клиническая Больница №7

Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емхананың жалпы практика дәрігері Томирис Елубаева тұрғындарға «Менингитті қалай анықтауға болады және оның емделу жолдары» тақырыбына танымдық дәріс өткізді.

Read more ...

Алматы қ. №7 ҚКА емханасының қызметкерлері, атап айтқанда, Салауатты өмір салтын насихаттау кабинетінің психологы, мейірбикесі, әлеуметтік қызметкер, емханада медициналық көмек алатын жасөспірім балалардың қатысуымен «Дәрігерлер жасөспірімдердегі уытты тәуелділіктің ауыр зардаптары туралы ескертеді» тақырыбында ақпарат көздерінің қамтылуымен семинар өткізді.

Read more ...

№7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері, профессор Манас Рамазанов ұжымды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Дәстүр бойынша 60 және 50 жасқа толған мерейтой иелері құттықтап, ақшалай қаражат табыстады. Іс-шара аясында емхананың үздік қызметкерлері дәстүрлі түрде медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Read more ...

Дәрігерлер қауымына арналған жүректен жарып шыққан ризашылығы мен алғысы.
🔺🔺🔺🔺
Бывший пациент городской клинической больницы №7 г. Алматы – автор замечательного поэтического творения, посвященного людям в белых халатах и их очень нелегкому, но благородному труду. Искренние слова признательности и благодарности врачам, идущие от сердца.
Автор - Архабек Кырыкбаев👏🏻 🙌

Read more ...

Жүйке жүйесі ауруларының көп таралуы күшті эмоционалдық күйзеліспен, біздің өмірімізде жиі кездесетін стресспен және қолайсыз экологиялық жағдайлармен байланысты.Неврологиялық аурулар өмір сапасын айтарлықтай төмендетеді, өйткені оларда жиі ауырсыну белгілері, қозғалыс функциялары және есте сақтау қабілетінің бұзылуы қатар жүреді.
Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының неврология бөлімшесі орталық және перифериялық жүйке жүйесі аурулары бар науқастарға (барлық неврологиялық аурулар бойынша) мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Неврология бөлімшесі аурухана ашылғаннан бері жұмыс істейді.

Read more ...

⬇️Конференцияны өткізуге №7 Қалалық клиникалық ауруханасы мен Чунан университеті жанындағы Хёндэ медициналық орталығының бірлескен бастамасы арқау болды.
⬇️Қазақстан-Корея ғылыми семинарына Алматы қаласының көпбейінді клиникалары мен емханаларының травматолог-ортопедтері, кафедралардың қызметкерлері, қаланың медициналық жоғары оқу орындарының профессорлары және медициналық университеттердің студенттері – резиденттері қатысты.
⬇️Тірек-қимыл аппаратының жарақаттары және аурулары әлемде мүгедектік факторларының арасында жетекші орын алатын жалпы проблема болып табылады. Жарақаттардың салдарын жою, тірек-қимыл аппаратының жарақаттарын емдеу өте күрделі процестердің бірі.

Read more ...

2022 жылғы 28 қазанда Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеттің ішкі аурулар кафедрасымен бірлесе «Созылмалы миелопролиферативті ауруларды және жіті миелоидты лейкозды диагностикалау мен емдеудегі заманауи тәсілдер» тақырыбында семинар өткізді.

Read more ...

«Республика күні» ұлттық мерекесі қарсаңында денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан жеке үлесі және медицина саласындағы көп жылғы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық төс белгісімен Алматы қ. №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік - шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Момбаева Айнаш Қазисовна марапатталды.
Бұл да ауруханамыздың жетістіктерінің бірі деп есептейміз.